«Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесі ашылды

27 Маусым 2023, 19:52
1413
Бөлісу:
«Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесі ашылды
Фото: facebook.com/darhan.hidirali

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрме өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, республикалық телеарналар мен басылым басшылары, ардагер журналистер қатысты.

«Қазақ баспасөз басылымдарының тарихы», «Қазақ радиосының даму жолдары» және «Қазақ телевизиясының 65 жылдығының жетістіктері» бөлімдерінен тұратын көрме ХIX ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінге дейінгі аралықты қамтыған.

Шараның мақсаты – музейге келушілерді фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар және музейлік маңызы бар заттар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасу және даму тарихымен таныстыру.

Бүгін мереке қарсаңында Ұлттық музейде қазақ журналистикасының тарихына арналған көрме ашылды. Көрмеде қазақ баспасөзінің шежіресін баяндайтын тарихи жәдігерлер мен құнды деректер топтастырылды. Бастауын алаш қайраткерлерінен алатын қазақ журналистикасы өзінің қалыптасу кезеңінен бүгінге дейін қашанда ұлттың ұраншысы, елдік сананың сәулетшісі бола білді. Бүгінде «Мылтықсыз майдан» аталатын ақпараттық әлемде журналистеріміз ел мүддесі жолында қажырлы қызмет атқарып, жақсылықтың жаршысы болып, абыройлы еңбек етіп келеді. Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге арнайы келген ардагер аға-апаларымызға, журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне ризашылық білдіремін, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы