«Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды.
Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарды.
2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады, - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Риддерде туризмге кедергі жасаған әкімдік шешімі заңсыз деп танылды.
Ақтөбеде бұрын ақталған экс-шенеунікке қайта үкім шығып, 3 жылға сотталды
Ақсуда "жүктімін" деген әйел 20 тәулікке қамалды
БҚО-да алимент төлемей жүрген әкелердің құмар ойынға миллиондап ақша тіккені анықталды