«Қазақ елі ешкімге қарыз емес». Сарым қаңтар кезіндегі ҰҚШҰ әскері туралы айтты

5 Қаңтар 2023, 12:57
967
Бөлісу:
«Қазақ елі ешкімге қарыз емес». Сарым қаңтар кезіндегі ҰҚШҰ әскері туралы айтты

Депутат Айдос Сарым Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің елге келуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің бірлігін қаламайтын күштер, билік пен халықтың арасына жік салу үшін талай дақпырт таратты. Мысалы, орыс немесе қырғыз әскері халыққа оқ атты деген сияқты. Шындығында олай болмағаны ақиқат, – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Саясаттанушы «ҰҚШҰ қосындары өз еліміздің арнайы мамандандырылған күштерін босатып, елдегі конституциялық тәртіпті орнату жұмыстарына бағыттауға жол ашты» деп түсіндірді.

ҰҚШҰ-ға бірде бір әскері елі ішіне араласқан емес, араласуы да мүмкін емес еді! Олар тек техникалық көмек функциясын жүзеге асырды. Елдің, мемлекеттің Тәуелсіздігі, тұрақтылығы тек өз әскеріміздің, полициямыздың арқасында ғана жүзеге асты! Бұл тұрғыдан қазақ елі ешкімге де қарыздар болған емес, болмайды да!, – деді Айдос Сарым.

Өзгелердің жаңалығы