Қаза болған Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады

25 Ақпан 2023, 13:50
1543
Бөлісу:
Қаза болған Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады
Фото: newtimes.kz

Таиландта жол-көлік апатынан қаза болған қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы «õzen» музыкалық лейблі Іnstagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.

Еске салсақ, 24 ақпанда Пхукет аралында Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков жол-көлік апатынан қаза болды. Сыртқы істер министрлігі мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Кеше кешке өнер иесінің жанкүйерлері Алматы қаласында оның рухына тағзым етіп, музыканттың әндерін орындаумен еске алды.

Өзгелердің жаңалығы