СІМ: Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қаза болған

24 Ақпан 2023, 16:45
2108
Бөлісу:
СІМ: Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қаза болған
Фото: @d.juzz/Instagram

Darkhan Juzz сахналық атымен танымал әнші Дархан Жүнісбеков өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өнерпаздың жол апатынан қайтыс болғанын растады.

Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Жерлесіміздің өліміне мопедпен болған жол көлік апаты себеп болды. Қазір мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Darkhan Juzz (шын аты — Дархан Жүнісбеков) — 31 жаста, Алматы қаласының Ақсай елдімекенінде өмірге келген. Qazaq indie жанрында ән жазатын музыкант тыңдармандарға Sheker, Erikpe, Uide сияқты әндерімен танымал.

Өзгелердің жаңалығы