Қайыңды мен Көлсайға жол салына ма? – Көлік министрі жауап берді

11 Маусым 2024, 18:46
332
Бөлісу:
Қайыңды мен Көлсайға жол салына ма? – Көлік министрі жауап берді
Фото: Арман Мухатов

БАҚ өкілінің сауалына Көлік министрі Марат Қарабаев министрлік брифингінде жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлсай мен Қайыңдыға баратын жол республикалық жолға жатпайды. Ол – әкімшілік жол. Менің білуімше, Көлсайға баратын жол мүлде жоқ. Қазіргі таңда Көлсай мен Қайыңдыға жол салу жоспарда жоқ. Дегенмен бұл сұрақты көтергеніңізге рақмет, - деді министр өз жауабында.

Қарабаев қазіргі уақытта туристік нысанның өзіне апаратын жолдар салуға бағдарлама қарастырылмағанын айтты.

Бізде республикалық жол бар. Соның ішінде көп туристік нысанға баратын, мысалы, халықаралық жолдан ауданның ішіне баратын жолды реттеп жатырмыз. Ең жаманы сол ауданның ішіндегі және туристік нысанның өзіне дейін алып баратын бағдарлама жоқ. Ауданның ішінен туристік нысанға дейін алып баратын жеке бағдарлама істеп жатырмыз. Биыл 21 нысанға жол салынады. Тағы 93 нысан бар. Оның ішінде Қайыңды мен Көлсайды қосамыз, - деді министр.

Оның айтуынша  Қайыңды мен Көлсай бұл жобаларға кіргізілмегендіктен, сол жерге барып жобалық құжатын дайындау керегін жеткізді.

Егер қазір тапсырма беріп, жобалық құжатын дайындауды бастасақ, ары кетсе 2025-2026 жылдарға қалады, - деді министр.

Сонымен қатар ол жол апатының 38 пайызы жылдамдықты арттырғаннан болатынын, 20 жыл жөнделмеген жолдар жөнделетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы