Жол апатының 38 пайызы жылдамдықты арттырғаннан болады – Қарабаев

11 Маусым 2024, 18:29
229
Бөлісу:
Жол апатының 38 пайызы жылдамдықты арттырғаннан болады – Қарабаев
Фото: Арман Мухатов - архив

Көлік министрі Марат Қарабаев министрлік брифингінде БАҚ өкілінің сапасыз жолдар кесірінен болатын адам өліміне қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист жолдар сапасының нашарлығынан жыл басынан Қазақстанда 6 мың жол апаты тіркелгенін айтты. Сондай-ақ министрден инфрақұрылым дамыған заманда адамдардың жолдың сапасының нашарлығынан қайтыс болуы қаншалықты қалыпты екенін сұрады. 

Менің қолымда 2021-2023 жылдар аралығындағы авто жол анализі бар. Жол апатының 44 пайызы көліктердің соқтығысуы салдарынан болады. 18 пайызы жаяу жүргіншілер жолағында, 3 пайыз жануарларды басып кетуінен және 10 пайызы кедергі болудан. 25 пайыз басқа да факторлар. Бұл жерде жолдың сапасыз жағдайына байланысты екенін қайдан көріп отырсыз? – деді ол.

Қарлабаев сондай-ақ жол апатының 38 пайызы жылдамдықты арттырудың салдарынан болатынын және қарсы бағытқа өтіп кету салдарынан болатын апат 10 пайызды құрайтынын айтты. 

Біздегі мәселе жолдардың сапасына байланысты емес, жағдайына байланысты, - деді ол.

Еске салсақ министр 20 жыл жөнделмеген жолдар жөнделетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы