Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

12 Маусым 2025, 10:52
552
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысында, Күнгей Алатауының етегінде таңғажайып табиғи керемет бар – ол Қайыңды көлі. Бұл көлді алғаш көрген адам оның ерекше сұлулығына таңданбай тұра алмайды.

BAQ.KZ тілшісі Орталық Азия елдерінен және Қытайдың “Жэньминь жибао” газетінен келген журналистермен бірге Қайыңдының ерекше атмосферасын сезініп, табиғатына тамсанып қайтты.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Қайыңды – жай ғана тау көлі емес. Оның басты ерекшелігі – су астында тік тұрған шырша ағаштары. 

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Суға батқанымен, олар шірімей, ғасырдан астам уақыт бойы сол қалпында сақталған. 

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Бұл көрініс – ертегі әлемінен шыққандай: көл бетінен көтеріліп тұрған ағаш діңдері, мөлдір судың түбіндегі көлеңкелер – бәрі тылсым дүниеге жетелейді.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Көл 1911 жылы болған күшті жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Таудан түскен көшкін аңғарды жауып, жаңбыр мен бұлақ сулары жиналып, Қайыңды көліне айналды.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Көлдің суы – мұздай әрі ерекше мөлдір. Минералдарға бай су ағаштарды сақтап қалып, оларды табиғи “экспонатқа” айналдырған. Сондықтан су астындағы орман әлі күнге дейін шірімей тұр.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Жаз мезгілінде де судың температурасы +10 градустан аспайды. Сол себепті шомылуға лайық емес, бірақ қайықпен серуендеп, суретке түсіп, табиғатпен тыныш күйде сырласуға өте қолайлы.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Қайда орналасқан?

Қайыңды көлі Алматыдан шамамен 300 шақырым жерде, Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында орналасқан. 

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат
Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Ең жақын елдімекен – Саты ауылы. Сатыдан кейінгі 15 шақырым тау жолы – сәл қиын, бірақ жолдың соңы тұнып тұрған әсемдікке әкеледі.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат
Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Айта кету керек, “Қайыңды” деген атау көлдегі ағаштарға емес, жақын маңдағы Қайыңды ауылына байланысты қойылған. Ал көлдің өзінде негізінен шырша ағаштары кездеседі.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат
Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

Қызықты деректер:

- Су астындағы орман – Қайыңды көлі әлемде сирек кездесетін табиғи құбылыстардың бірі. Бұл жерде 30 метрге дейінгі тереңдікте ағаштар тіке сақталып тұр.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

- Мөлдір әрі суық су ағаштардың ғасырдан аса уақыт шірімей тұруына себеп. Бұл – табиғаттың нағыз кереметі.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат
Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

- Көлсай ұлттық паркінің құрамында болғандықтан, мұнда аю, бұғы, түлкі, және сирек құстар мекендейді. Сондықтан экотуризмді ұнататындар үшін тамаша орын.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

- Сүңгуге ресми тыйым салынған, бірақ кейде кәсіби сүңгуірлер су астындағы орманды зерттеуге рұқсат алады.

Қайыңды көлі: Су астындағы орманға саяхат

- Қайыңды – фотографтар мен кинорежиссерлердің сүйікті локациясы. Көлдің тұманды күндердегі көрінісі, су астындағы ағаштар мен тыныштық – шығармашылыққа шабыт береді.

Өзгелердің жаңалығы