Қайрат Сатыбалды ақшасын қайда сақтаған? - Антикор жауабы

29 Желтоқсан 2022, 14:22
3381
Бөлісу:
Қайрат Сатыбалды ақшасын қайда сақтаған? - Антикор жауабы

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ол Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты үкім бойынша тағы қандай эпизодтардың барына қатысты сұраққа жауап берді.  

Иә, қазір тексеріліп жатыр. Кеше біз баспасөз қызметі арқылы ресми ақпараттар ұсындық. Жалпы, активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Антикор жүргізуде. 600 млрд теңгеден астам қаржы (жемқорлардан алынған жалпы қаржы - ред.) мемлекет бюджетіне қайтарылды, бұл активтер мен қолма-қол ақшалар. Біз ол туралы (ақпаратты – ред.) белсенді ұсындық, - деді Антикор төрағасының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.  

Сондай-ақ ол Сатыбалдының қаражаттар мен бағалы заттарды қайда сақтағанына тоқталды. 

Ол (қаражат пен бағалы заттар – ред.) өзінің жекеменшігі. Өзінің жеке мүлкі. Олардың қайда сақталғанына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы, олар (ақша мен бағалы заттар – ред.) мемлекетке қайтарылды, - деді Ұлан Сарқұлов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі елдің 1 млн-нан астам азаматы банкрот деп танылуы мүмкіндігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы