Қайрат Боранбаевқа шыққан үкімнің күші жойылды

2 Шілде 2023, 22:07
1216
Бөлісу:
Қайрат Боранбаевқа шыққан үкімнің күші жойылды
Фото: BAQ.KZ

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановқа және Тайыр Жанұзаққа қатысты 2023 жылы 31 наурызда шыққан сот үкімнің күшін жойды. Оған себеп - "ҚазТрансГаз" АҚ ұсынған газ бағасы туралы Ресей тарапындағы бастапқы деректердің болмауы.

Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылды.

Алайда, бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ екендігі нақтыланады. Сот алқасы "ҚазТрансГаз" қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электрондық көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел ретінде санамады.

Көшірменің 18-тармағында Қазақстанға 1 мың текше метр ресейлік табиғи газды 145 АҚШ доллар бағасымен қосымша жеткізу жайы қамтылған. Сотта зерттелген 17 тармақтан тұратын 12.07.2019 жылғы отырыс хаттамасының түпнұсқасында бұл арасы жоқ. Сот үкімінде бұл құжаттардың түпкі көздері анықталмаған, яғни 18 тармақтан тұратын хаттаманың көшірмесі қайдан алынғаны, көрсетілген хаттама неге орындауға бағытталмағаны, осы тармақ шешімнің соңғы нұсқасына неге енбей қалғаны көрсетілмеген. Осылайша, сот үкімі қылмыстық іс жүргізу заңын бұза отырып шешілді, соттың айыптау қорытындылары болжамдарға негізделген, құжаттардың түпнұсқалары болмаған, көшірмелерге сүйенген, олардың дұрыстығы мен шынайылығы күмән тудырады, жол берілмейтін 7 дәлелдемелер пайдаланылды және талданбаған, шынайылығы тексерілмеген және басқа объективті дәлелдемелермен расталмаған дәлелдемелер пайдаланылды, - делінген.

Сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ делінген.

Күмәнді хаттамада газды Ресей территориясынан Қазақстанның Қытаймен шектескен шекарасына дейін тасымалдау бағасы енгізілгені туралы ешқандай дәлел жоқ, газ транзиті үшін шамамен 57 долларды кім төлейтіні де белгісіз. "Азия Газчунджа" жеткізушісінің тәуекелдеріне сүйене отырып, керісінше, ҚазТрансГаз шамамен 130 млн доллар табыс тапқан. Несонов, Сүлейманов және Мұхамеджанов куәлік ете отырып, бұл мәміленің тиімділігін растады, -деп атап өткен қаулыда.

Мұндай жағдайларда сот үкімінің күші жоюға жатады, ал қылмыстық іс алқалы құрамдағы бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қарауына жатады.

Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылды.

Боранбаев пен Нахановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, ал үйқамақтағы Жанұзақ дереу сот залында қамауға алынды.

2022 жылы 26 желтоқсанда Қаржылық мониторингі агенттігі айыптау бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Аталған іс бойынша сот процесі Астанада 30 желтоқсанда басталды.

Қайрат Боранбаев пен "Азия Газчунджа" ЖШС-нің негізін қалаушылардың бірі Роман Нахановқа сеніп тапсырылған бөтеннің мүллкін жымқыру және иелену, заңсыз ақша мен мүлікті заңдастыру және қылмыстарға жәрдемдесу бойынша айып тағылды.

2023 жылы 14 наурызда сот айыптау актісін өзгертуге қосымша уақыт бөлуді сұраған мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша Қайрат Боранбаев ісіне қатысты тараптардың жарыссөздерін кейінге қалдырды.

28 наурызда прокурор Қайрат Боранбаевқа мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Астана қаласының № 2 Сарыарқа сотында 31 наурызда "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Боранбаев пен Нахановқа, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы