Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша тергеліп жатыр

22 Мамыр 2024, 10:59
448
Бөлісу:
Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша тергеліп жатыр
Фото: BAQ.KZ -архив

Олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты Қылмыстық Кодекстің тағы екі бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде шығын өтелді, сонымен қатар ол 120 млрд теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы сомасы 134 млрд теңге. Бүгінге дейін өтеп берген сома туралы айтып отырмын. Бірақ қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ, тергеу жүріп жатыр, тағы басқа өтемақы болатын шығар.., - деді Жеңіс Елемесов.

Сөзінше, Боранбаев бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Сонымен қатар 14 қыркүйек күні ҚМА Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарғанын айтқан болатын. Кейін Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары қабылданып, жалпы құны 1,4 млрд теігеден асатын "Comfort Hotel Fstana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін тағы тағы мемлекетке 30 млрд теңге қайтарды. 

Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.  19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынатыны айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы