Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке қайтарады

16 Қазан 2023, 15:11
590
Бөлісу:
Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке қайтарады
VIDEO

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қ.Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарып, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударған болатын. Сондай-ақ Боранбаев 6 жылға сотталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы