Қайрат Боранбаев «Қайраттың» келер маусымдағы басты міндетін айтты

25 Ақпан 2024, 17:33
437
Бөлісу:
Қайрат Боранбаев «Қайраттың» келер маусымдағы басты міндетін айтты
Фото: prosports.kz

«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Meta-ratings.kz сайтына 2024 жылғы маусымда команда чемпиондық үшін күресетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл біздің клуб үлкен мерейтойын атап өтуде, «Қайраттың» құрылғанына 70 жыл. Әрине, келесі маусымда жанкүйерлерімізді қуантып, ардагерлерімізге алғыс білдіргіміз келеді. Сондықтан командаға үлкен жеңістерге жетіп, Қазақстан чемпионы болу міндеті тұр!. – деді Боранбаев команданың тұсаукесерінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда команда Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орын алған болатын. Клуб ел кубогын да жеңе алмады.

Өзгелердің жаңалығы