Ливия астанасы Триполидің шығысындағы Таджура қаласындағы түрмеден қамаудағы қауіпті қылмыскерлер жаппай қашып кетті. Бұл туралы Триполи провинциясының сот полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі EurAsia Daily агенттігіне сілтеме жасап.
"Аль-Джудейда" түрмесінің маңында және алдында қатаң қақтығыстар салдарынан қамаудағылар арасында үрей туындады. Соның нәтижесінде қамаудағы көптеген қылмыскер түрмеден қашып кетті, – делінген Триполи сот полициясының мәлімдемесінде.

Мәлімдемеге сәйкес, қашып кеткендердің басым бөлігі ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
Бұған дейін Ливияның Al Wasat газеті Триполидің бірнеше ауданында қақтығыстар қайта басталғанын хабарлаған.
Ean Libya басылымының дереккөздеріне сілтеме жасап жазуынша, қақтығыстар қайта басталған соң Ливия астанасындағы халықаралық әуежайдан ұшатын рейстер Триполиден шығысқа қарай орналасқан Мисурата қаласына бағытталған.
Оқи отырыңыз: