Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Минскідегі ҰҚШҰ отырысына қатысты

8 Маусым 2023, 18:45
780
Бөлісу:
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Минскідегі ҰҚШҰ отырысына қатысты
Фото: Ақорда

Ғизат Нұрдәулетов ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылы 8 маусымда Минскте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесу барысында Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары халықаралық және аймақтық ахуал бойынша пікір алмасты. Ұйымның жауапкершілігі шеңберінде қазіргі жағдай мен халықаралық экстремизм мен терроризм, киберқылмыс, есірткінің заңсыз айналымымен қатар, өзекті сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді бейтараптандыру шараларын талқылады, - делінген хабарламада.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ҰҚШҰ жұмысының маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Ұйым аясында өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Осы күні кездесуге қатысушыларды Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады.

Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы ҰҚШҰ-ға Беларусь Республикасының төрағалық етуін ескере отырып, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында 2023 жылғы төртінші тоқсанда Минскте өтеді.

Өзгелердің жаңалығы