"Қатты сынамайтын шығарсыздар". Мәди Тәкиев министр ретінде Мәжіліске келіп тұратынын айтты

14 Ақпан 2024, 10:33
501
Бөлісу:
"Қатты сынамайтын шығарсыздар". Мәди Тәкиев министр ретінде Мәжіліске келіп тұратынын айтты
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің мәжілісмен ретінде өкілеттігі тоқтады. Қаржы министрі болып тағайындалған Тәкиев әріптестеріне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәди Тәкиевті алғыс хатпен марапаттап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Жүктелген міндеттерді абыроймен атқардыңыз. Ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толайым табыс тілейміз, - деді спикер.

Мәжіліс мінберіне шығып, Қаржы министрі Мәди Тәкиев әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Баршаңызға көп рақмет. Бір жылға жуық уақытта сіздермен тығыз жұмыс істедік. Көп заң қабылдадық. Өткен аптада Президент оған оң бағасын бергенін білесіздер. Көп жұмыс атқардық. Оны өзіме бір төбе деп санаймын. Енді алыс кетіп бара жатқан жоқпын. Осы мінберге жиі келіп тұрамын. Қатты сынамайтын шығарсыздар деп ойлаймын, - деді ол.

Бүгін Орталық сайлау комитеті Мәжіліске Мәди Тәкиевтің жаңа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы