Қасым хан туралы фильм 12 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетіледі

14 Сәуір 2022, 18:50
1667
Бөлісу:
Қасым хан туралы фильм 12 мамырдан бастап кинотеатрларда көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі. Бұл туралы  «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік парақшасында хабарлады. 

Аталған картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді. 

Кинотуындыда Қасым ханның өмірі, хандық билігі мен Қазақ хандығының нығаюы жолындағы күресі баяндалған. Фильм оқиғалары XV ғасырдың 70-жылдары мен XVI ғасырдың 20-жылдарына дейінгі аралықты қамтиды.

«Ұлы дала таңы» – Қасым сұлтанның хан ретінде қалыптасуы туралы баяндайтын кинотуынды. Қазақ хандығы тарихында Қасым ханның алар рөлі орасан зор екені мәлім. Өйткені, өзі билік еткен уақытта Қазақстан аумағын батыста Еділге дейін, шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияға дейін, Солтүстікте Тобылға дейін жеткізіп ғана қоймай, «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жинағын жариялаған. Көркем фильмде болашақ ханның адамгершілігі мен әскери қабілеті, көшбасшылығы айқын көрініс тапқан. Командамыздың еңбегі көрерменнің зейін қойып, ықыласпен қошеметтейтін туынды боларына үміт мол. Жақында, еліміздің барлық кинотеатрларында, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы