Қасым хан бейнеленген мурал салынды

10 Мамыр 2022, 13:51
2593
Бөлісу:
Қасым хан бейнеленген мурал салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым хан бейнеленген алып картина Алматыдағы Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан үйдің қабырғасына салынды.

Аталған мурал Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда Қасым ханның беснесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен.

Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.

Өзгелердің жаңалығы