«Қасіретті қаңтар». Алматыда диструктивті бағыттағы бір топ ұсталды

7 Ақпан 2022, 19:00
1467
Бөлісу:
«Қасіретті қаңтар». Алматыда диструктивті бағыттағы бір топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Алматыда қылмыстық бағыттағы диструктивті бір топтың мүшесі ұсталды. Оларды ұстау кезінде қолдануға дайын болған қару-жарақ тәркіленді. Олар өз тобының әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бұл ретте олардың бір бөлігі алаңда жүрсе, екінші бөлігі қаланың төменгі жағындағы баррикадаларда болған. Қазір оқиғаның қалай болғаны тергеліп жатыр, - деді ол. 

Ожаров атап өткендей, бастапқы кезеңде наразылар мен өздерін бейбіт ұстады. 

Ол жерде қарапайым қызығушылық танытқандар, өтіп бара жатып ілесе салғандар да болған. Арнайы тәртіпсіздіктерге айналып кетеді деп ешкім ойламаған. Алайда олардың арасында қылмыстық элементтер мен бұзақылар қосылып, белсенді әрекеттерге итермелей бастайды, - дейді Ожаров. 

 

Өзгелердің жаңалығы