Қаржыландыру 5 есе азайған. Министр "7-20-25-ке" қатысты дауға жауап берді

20 Маусым 2023, 15:20
1792
Бөлісу:
Қаржыландыру 5 есе азайған. Министр "7-20-25-ке" қатысты дауға жауап берді
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы бүгін Ақордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру тетігін қайта қарау керегін айтқан еді.

«7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру бес есе азайды. Бұл көптеген әлеуметтік-экономикалық қиыншылыққа әкеледі. Сол себепті бұл бағдарламаны қайта зерттеп, зерделеп Мемлекет басшысына ашық хат жолдаймыз, - деген еді Әміртай «Әлеуметтік сұраныс 7-20-25» жиынында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев «7-20-25» бағдарламасынан бөлек басқа да жобаларға қаражат бөлінгенін айтады.

Биыл «7-20-25» бағдарламасынан бөлек жалға берілетін пәтер салуға 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Одан басқа «Бақытты отбасы» мен «Шаңырақ» бағдарламасына қосымша 170 млрд теңге бөлінді. 100 млрд «7-20-25» бағдарламасында қалады. Жалпы, одан бөлек жобаларға 270 млрд теңге қарастырылған. Біз қолымыздағы бар ақшаға жұмыс істейміз. Биыл бағдарламаға бөлінген қаржы - 100 млрд теңге, - деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы