Қарыздан құтылдық. Әйтенов спорт секциялары жайында

15 Маусым 2023, 14:11
642
Бөлісу:
Қарыздан құтылдық. Әйтенов спорт секциялары жайында
Фото: Арман Мухатов

Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр респлублика бойынша спорт және шығармашылық секцияларға ақша жетпей,  дау туындаған болатын. Осы жылы қаладағы жағдай қалай? Қарызды қайтардыңыздар ма? - деп сұрады БАҚ өкілі.

Әкім былтыр қаражат жетпегенін растады.

Жоспарланған қаражаттан тыс шығып кетті. Көп кәсіпкер осымен айналысты. Бірақ жылдың соңына дейін біз қарыздың бүкілін жаптық. Жастардың спортпен айналысып, бос уақытында спортпен айналысса деген мақсатымыз болды. Биыл оның көлемін 5,7 млрд теңге бөлуді қарастырдық. Былтыр оның көлемі 800 млн теңге болатын. Биыл бұл жағдай қайталанбайды деп ойлаймын, - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.

Мұрат Әйтеновтің сөзінше, қалада спорт инфрақұрылымы дамып жатыр.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, осыдан 3 жыл бұрын республикада алғаш болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірегей жобаны бастаған болатынбыз. Жыл сайын оқушылардың қызығушылығы артып, лига ауқымы артып отыр. Биыл 151 мектептен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Қаламызда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы (демеуші есебінен), «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.Биыл спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы