Қарқаралыда оқушылар арасында туристік көпсайыс өтті

2 Ақпан 2022, 08:47
2030
Бөлісу:
Қарқаралыда оқушылар арасында туристік көпсайыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы ауданында өткен туристік көпсайысқа оқушылардың бес командасы, жергілікті туристік клуб мүшелері, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жарыс бес кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар жұқа мұздан шығынсыз өтуі керек еді. Екіншісінде олар қар астында қалған адамды іздеді, үшіншісінде олар арқанмен тауға өрмеледі. Төртінші турда көпсайысшылар таудан шаңғымен сырғанап, бесінші турда құтқарушылар үшін шаңғымен із қалдырды.

Қарқаралыда оқушылар арасында туристік көпсайыс өтті

Көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды № 2 жалпы білім беретін мектептің командасы жеңіп алды. Екінші орында "Туризм" туристік үйірмесі болды. Үшінші орынды № 1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері өзара бөлісті.

Жеңімпаздар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы