Қарин: Бұл – Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар шешімі

5 Мамыр 2022, 20:47
1758
Бөлісу:
Қарин: Бұл – Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар шешімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент ел Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өз пікірін әлеуметтік желіде жазды.

Бүгін Президент ел Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – Мемлекет басшысының ерекше саяси маңызы бар шешімі. Конституциялық реформа жөніндегі референдум-президенттік саяси реформалар бағдарламасын іске асырудың кезекті кезеңі. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және оған суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту кіреді, – деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, ол Президенттің оларды референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасының қисынды екенін жеткізді.

Бұл реформалар қоғам мен сарапшылардың өтініштері мен ұсыныстарына негізделгендіктен, Президенттің оларды референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасы қисынды. Қазақстандағы қазіргі референдумның ерекшелігі – Президент конституциялық реформаны кеңейтпейді, керісінше – өз өкілеттіктерінің бір бөлігін басқа билік институттарына қайта бөледі.  Осылайша, конституциялық реформа жөніндегі алдағы референдум екінші республиканың – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа, неғұрлым тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізін қалайды, – деді Мемлекеттік хатшы.

Өзгелердің жаңалығы