Қарақия ауданы бұқаралық спортты қолдау жылын қорытындылады

21 Желтоқсан 2021, 10:31
2237
Бөлісу:
Қарақия ауданы бұқаралық спортты қолдау жылын қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Қарақия ауданында бұқаралық спортты қолдау жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай жыл соңында ауданның үздік 40 спортшысы мен спорт жанашырлары марапатталды.

Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл аудан спортының жеткен жетістіктері көз қуантарлық.

Аудан спортшылары Польша, Румыния, Татарстан мемлекеттерінде өткен Әлем чемпионаттарынан жүлделі оралды. Сондай-ақ Маңғыстау облыстық «Ақ бидай-2021» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы атанды. Ұлттық ат спорты – жамбы ату бұқаралық спорт түрінен Маңғыстау облысының 3 адамнан тұратын құрама командасы сапында Мұнайшы және Құланды ауылының спортшылары өнер көрсетіп, Республикалық деңгейдегі сайыстарда алдыңғы қатардан көрінді. Одан бөлек, бокс, күрес, футбол, волейбол, греплинг, қол күресі, гір тасын көтеру, киокушинкай Каратэ-до спорт түрлері бойынша Республикалық және облыстық деңгейде жеткен жетістіктеріміз жетерлік, – деді Дүйсенбай Атағараев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қарақия ауданы Маңғыстау облысы бойынша «Спорт саласындағы үздік аудан» номинациясын жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы