Қарағандылықтар онлайн-жәрмеңкеде жұмыс таба алады

24 Мамыр 2024, 20:52
383
Бөлісу:
Қарағандылықтар онлайн-жәрмеңкеде жұмыс таба алады

Қарағанды карьерлік орталығы Tanda.enbek.kz порталында бос орындар жәрмеңкесін өткізбек. 30 мамыр күні жастар өзіне ұнайтын жұмысты таба алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының әкімдігінің мәліметінше, жұмыс іздеушілер үйден шықпай-ақ түйіндемені толтыруға және жұмыс берушімен тікелей байланысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ онлайн чат арқылы жұмыс берушіге сол мезет сұрақ қоя аласыз. Сұхбатқа шақырту алуға немесе тура сол сәт бейнесұхбаттан өтуге болады.

Қазірдің өзінде сайтта әртүрлі саладағы 180-тен астам бос жұмыс орыны бар.

Онлайн жәрмеңке 11:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы