Қарағандылық ультрамарафоншылар 1300 шақырымды 3 күнде жүгіріп өтпек

2 Мамыр 2023, 12:15
1577
Бөлісу:
Қарағандылық ультрамарафоншылар 1300 шақырымды 3 күнде жүгіріп өтпек
Фото: автордан

Бүгін таңда «Рухани KZ» танымдық керуені мен «Buketov runners» эстафеталық ультрамарафоншылары «Қарағанды-Түркістан» бағытында жүгіруді бастап кетті. Марафон «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының 300 жылдығына, Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырлып отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен бастау алған марафонға 50-ге тарта желаяқ қатысуда.

Қарағандылық ультрамарафоншылар 1300 шақырымды 3 күнде жүгіріп өтпек

Ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, көпшілікке тарихи тұлғалардың өмірін, еңбектерін және тарихи мұраларын таныстыру, жастардың отансұйгіштік, елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған марафон 3 күнге созылады. Ультрамарафоншылар төрт облыстың аумағын басып өтеді. Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан облыстарының аумағынан жүгіріп өтетін марафоншылар тарихи-мәндени жерлерді аралап, тұрғындармен кездесетін болады, - деді Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Айтулы ультрамарафонға өзге де жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен жүгіру мәдениетін насихаттап жүрген белгілі тұлғалар шақырылған.

Қарағандылық ультрамарафоншылар 1300 шақырымды 3 күнде жүгіріп өтпек

Бүгін ерекше тарихи күн. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ түлегі ретінде осы марафонға қатысу үшін Алматыдан арнайы келіп отырмын. Бұқаралық спортты дамытуға, марафонды насихаттауға бағытталған игі шараны насихаттап отырған ұйымдастырушыларға үлкен рақметімді айтамын. Марафоншыларға сәттілік тілеймін, аяқтарыңызға жеңілдік болсын, - деді журналист, заңгер Еренғайып Қуатайұлы.

Марафонды ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жүгіруге университет ұжымы 1 жыл дайындалған. Марафонға 18 бен 66 жас аралығындағы азаматтар қатысуда.

Мен өзімнің жасыма сәйкес бұл марафонда 5 шақырымды жүгіріп өтемін. Жалпы университте өтетін көптеген спорттық шараларға белсенді қатысушы ретінде бұл марафонға қатысып отырмын. Ал негізгі қашықтықты біздің мықты-мықты спортшыларымыз, республика көліменде еңбегі сіңген марафоншыларымыз жүгіріп өтеді. Олардың дайындықтары өте жоғары деңгейде. Бұған дейін де бірнеше рет марафонға қатысқанмын. Алғаш рет 2021 жылы Топар қаласына дейін, одан кейін Қарқаралыға жүгіргенмін. Марафон салауатты өмір салтын насихаттаудың ең жақсы жолы деп ойлаймын, - дейді 66 жастағы ҚарУ профессоры, марафоншы Аманай Мырзабаев.

Қарағандылық ультрамарафоншылар 1300 шақырымды 3 күнде жүгіріп өтпек
Өзгелердің жаңалығы