Қарағандыдағы жанармай құю бекетінде өрт болды

24 Ақпан 2024, 18:15
382
Бөлісу:
Қарағандыдағы жанармай құю бекетінде өрт болды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағандыда ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 66 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін сағат 16.19-да Қарағанды қаласында автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл газдың жануы орын алған.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.

ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді. ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 66 газ баллоны шығарылды. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, содан кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы