Қарағандыдағы бала өлімі: Инфекциялық орталықта жоспардан тыс тексеру басталды

Бала 25 наурыздан 17 сәуірге дейін стационарда ем алған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:46
Бүгiн 2026, 11:46
238
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қарағандыда 2 жасар баланың өлімінен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында жоспардан тыс тексеруді бастады.

Аталған комитет Қарағанды қаласында 2024 жылы туған баланың өліміне қатысты резонанстық оқиға бойынша аумақтық департаменттің Облыстық клиникалық ауруханасындағы инфекциялық орталықтың қызметіне жоспардан тыс тексеру бастағаны туралы мәлімдеді.

Тексеруге медициналық көмектің сапасына қатысты түскен шағым мен 2026 жылғы 20 сәуірде тергеу органдары шығарған қаулы негіз болды. Тексеру кезінде көрсетілген көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық жабдықтардың жай-күйі жан-жақты қаралады.

Тексерудің әділ өтуі үшін тәуелсіз сарапшылар мен балалар реаниматологиясы, пульмонология, жұқпалы аурулар, клиникалық фармакология, балалар хирургиясы, аллергология және сәулелік диагностика саласының мамандарынан комиссия құрылды. Жұмысқа, сондай-ақ, тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы мен Астана қаласындағы медициналық университеттің мамандары тартылды, - деп хабарлады Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз қызметі. 

Клиникалық деректерге сәйкес, бала 2026 жылғы 25 наурыздан 17 сәуірге дейін стационарда ем алған. Оған сепсис диагнозы қойылып, жағдайы полиоргандық жеткіліксіздікпен, аралас шокпен, ауыр респираторлық дистресс-синдроммен және қосымша инфекциялармен асқынған. Емдеу барысында облыстық және республикалық мамандардың қатысуымен 12 рет консилиум өткізілді, қарқынды антибактериалды және реанимациялық ем жүргізілген. Соған қарамастан, 17 сәуір күні сағат 13:01-де бала қайтыс болды.
Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы 2026 жылғы 7 мамырға дейін дайын болады. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалып, материалдар тергеу органдарына беріледі. Комитет баланың жақындарына қайғырып көңіл айтады және күш-қуат тілейді. Жағдайдың ерекше бақылауда екенін жеткізеді, - деп жазылған комитет хабарлаимасында. 
Еске салайық, бұған дейін министрлік осы оқиғаға қарысты медициналық көмекті жан-жақты бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, толық тексеру жүргізілетінін хабарлады.
 
Тағы оқи отырыңыздар:
 
 
 
 
Наверх