Қарағандыда Наурыз мерекесінде тегін тамақ таратылмайды

16 Наурыз 2024, 12:07
465
Бөлісу:
Қарағандыда Наурыз мерекесінде тегін тамақ таратылмайды
Фото: Арман Мухатов - архив

Биыл Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу шараларына бірқатар өзгеріс енгізілді. Қарағандыда Наурыз мейрамында халыққа тегін тамақ таратылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейінгі жылдары Қарағандыда Наурыз мерекесінде қайырымдық шарасы ретінде кәсіпкерлер халыққа тегін тамақ тарататын. Алайда ұлттық тағамдардың дәмін ақысыз татып көргісі келетіндер көп болатыны соншалықты, қайырымдылықтың соңы у-шуға айналып, ығы-жығы болған еді. Мерекедегі осындай жағдайларға байланысты биыл қалада тегін тамақ таратылмайды. Бұл жайында Қарағанды облысының ішкі саясат барқармасының басшысы Нұрлан Бикенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Биыл Наурызда тегін тамақ таратудан бас тартып отырмыз. Алдағы жылдардың тәжірибесін қарай келе біз осындай шешім қабылдадық. Жыл сайын халыққа тегін тамақ таратытын кәсіпкерлердің өзі бұдан бас тарып отыр, - деді басқарма басшысы Н.Бикенов.

Енді Ұлыстың ұлы күні халыққа бауырсақ, Наурыз көже және палау тегін таратылмайды. Дегенменде, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Кәсіпкерлер тарапынан болатын қайырымдылық шараларында қала тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, Наурыз көже сияқты ұлттық тағамдарды төмен бағамен сатып ала алады.

Басқарма басшысының айтуынша, қала бойынша Наурызды мерекелеу шаралы тек ғана Орталық саябақта емес, сондай-ақ, Сұрыптау ықшам ауданындағы «Теміржолшылар», Майқұдықтағы «Жаңа Майқұдық пен Пришахтинсктегі «Молодежный» мәдениет үйлерінің алаңдарында да өтеді. Бұл жерлерде киіз үйлер құрылып, көше саудасы ұйымдастырылады, өнерпаздар театрландырылған мерекелік концерт қоятын болады.

Өзгелердің жаңалығы