Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды

24 Сәуір 2023, 12:20
1748
Бөлісу:
Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Қарағандының Майқұдық ықшам ауданында көктем мерекесі жаңғыртылып, ерекше атап өтілді. Мерекеде тұрғындар ұлттық тағамдар дайындап, ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті, шеруге шықты, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ертеректе кең байтақ еліміздің әр жеріндегі ауа райының әртүрлі болуына байланысты, көктемнің әр аймаққа әрқалай келуіне орай көктем мерекесі 40 күнге дейін тойлана берген. 

Осы дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында Қарағандының Майқұдық ықшам ауданында орналасқан «Қарлығаш» бөбекжайының ұжымы мен ата-аналардың ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі» тойланды.

Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды

«Салтын білмеген халқын білмейді» дейді халық даналығы. Осындай шара ұйымдастыру арқылы ұлттық дәстүрді дәріптеуді мақсат еттік. Өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Мерекеге бөбежайымыздың ұжымымен қатар ата-аналар мен балалар да белсене қатысты, - дейді балабақша басшысы Меруерт Мадикенова.

Сәуір айының жаймашуақ күндерінің бірінде өткен мерекеде Қыдыр ата бастаған «Наурыз шеруі» тойдың көркін қыздыра түсті.

Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды

«Наурыз шеруіне» қатысқан тұрғындар ұлттық киім киіп, халық әндерін айтты. Сондай-ақ мерекеде бауырсақ, наурыз көже және басқа да ұлттық тағамдар дайындалды. 

Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды

Қой көтеру, садақ ату, қол күресі сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Қарағандыда «Көктем мерекесі» сәуірде ерекше тойланды

Дәстүр жаңғырғаны күн деуге болады. Мереке өте қызықты әрі көңілді өтті. Бұл шара Наурыз мерекесінің құндылығын балаларға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Аналар ұлттық тағамдар дайындаса, әкелер садақ атып, қол күрестірді, қой көтерді, ал балалар алтыбақан тепті. Мереке кезінде балаларымыз «Наурыз тойының» маңыздылығын, ерекшелігін ұғына алды. Балалар ғана емес, өзіміз де осы күні ертегі әлеміне кіргендей болдық. Ұлттық шараны ұйымдастырушы балабақша ұжымы мен меңгерушісіне алғысымызды айтамыз, - дейді қала тұрғыны Зарина Мұхтарова.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы