Қарағандыда басына ағаш құлаған 5 жасар бала қайтыс болды

Басына ағаш құлаған бала көз жұмды.

17 Тамыз 2026, 16:23
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Сымбат Сатыбалдина 17 Тамыз 2026, 16:23
17 Тамыз 2026, 16:23
197
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Сымбат Сатыбалдина

Қарағандыда 5 жасар баланың басына ағаш құлап, салдарынан ол қайтыс болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысы Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. 

«Қарағандыда ағаш бұтасының құлауы салдарынан баланың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Баум тоғайында үстіне алып қураған ағаш құлаған 19 жастағы Селин Абитова комада жатқанын хабарлаған едік. 

Қайғылы оқиға 27 маусым күні шамамен сағат 15:00-де болған. Селиннің әпкесі Ясмин оқыс оқиға туралы айтып берген еді. 

Селиннің туыстары Баум тоғайында қураған ағаштар көп екенін айтып, ескерту жасаған болатын. 

BAQ.KZ тілшісі Баум тоғайына барып, жағдайды көзбен көріп қайтты. Расында тоғайдың әр тұсында қураған, құлаудың аз-ақ алдында тұрған ағаштар көп.

10 шілдеде тоғайда басына ағаш құлаған қыз қайтыс болды.

Наверх