Алматыда тоғайда басына ағаш құлаған қыз қайтыс болды 

Қайғылы жағдай өліммен аяқталды.

10 Шілде 2026, 19:58
АВТОР
 ашық дереккөз 10 Шілде 2026, 19:58
10 Шілде 2026, 19:58
168
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Баум тоғайында басына ағаш құлап, комаға түскен 19 жастағы Селин Абитова қайтыс болды. 

Қайғылы хабарды Селиннің туыстары хабарлады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Баум тоғайында үстіне алып қураған ағаш құлаған 19 жастағы Селин Абитова комада жатқанын хабарлаған едік. 

Қайғылы оқиға 27 маусым күні шамамен сағат 15:00-де болған. Селиннің әпкесі Ясмин оқыс оқиға туралы айтып берген еді. 

Селиннің туыстары Баум тоғайында қураған ағаштар көп екенін айтып, ескерту жасаған болатын. 

BAQ.KZ тілшісі Баум тоғайына барып, жағдайды көзбен көріп қайтты. Расында тоғайдың әр тұсында қураған, құлаудың аз-ақ алдында тұрған ағаштар көп.

 

Наверх