Қарағандыда ауруханадағы өрт кезінде 20 науқас эвакуацияланды

Өрттің шығу себебі анықталуда.

 скрин 1 Қыркүйек 2026, 23:52
1 Қыркүйек 2026, 23:52
142
Фото: скрин

Қарағандыда құтқарушылар көпбейінді аурухана аумағында болған макулатураның жануын сөндірді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазыбек би атындағы ауданның Мұқанов көшесінде жиналып тұрған макулатура өртенген. Өрт бес қабатты аурухана ғимаратына жапсарлас салынған бір қабатты кіреберіс бөліктің ағаш шатыр құрылымына тараған.

ТЖМ қызметкерлері медицина мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп, 20 науқасты көрші блокқа эвакуациялады.

Өрт 25 шаршы метр аумақта сөндірілді. Құтқарушылар жалынның аурухананың негізгі және жапсарлас ғимараттарына таралуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Наверх