Теміртауда жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бірнеше жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Автобус бордюрге шығып кетіп, содан кейін бағдаршамның металл тіреуіне соғылған. Негізгі соққы көліктің алдыңғы бөлігіне тиген.
Бүгін сағат 08:40 шамасында Теміртау қаласындағы Абай, Металлургтер және Республика даңғылдарының қиылысында 45 жастағы жүргізуші көлік құралын басқара алмай, бордюрге, одан кейін бағдаршамның металл тірегіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде салонда шамамен 20 жолаушы болған. Төрт адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан екі мотоциклист қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыздар:
ЖИ жүргізушілерді қалай бақылайды: Қазақстан жолдарында не өзгеруде?
Бейнекамералардың арқасында жол апаты 20%-ға азайды
Жетісу облысында жол апаты салдарынан ер адам көлікте қысылып қалған