Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды

27 Тамыз 2022, 09:40
5261
Бөлісу:
Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасында бүкіл отбасы дерлік қаза тапты. Күйеуі мен әйелі және олардың үш баласы. Бір бала аман қалды, ол қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Гүлшат кентінен 23 шақырым жердегі Балқаш – Приозерск автожолында Приозерск бағытында Opel Vectra автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қайта жаңартылып жатқан жабық жолға шығып кетіп (ескерту белгілері бар) HOWO автокөлігімен соқтығысқан. Оны 25 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан, - дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.

Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен 3 баласы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы әйелі, олардың үш кәмелетке толмаған баласы оқиға орнында көз жұмды, бір бала ауруханаға жеткізілді.

Сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы