Қарағанды облысында жаппай егін жинау 1 қыркүйектен басталады

22 Тамыз 2022, 19:42
1309
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаппай егін жинау 1 қыркүйектен басталады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысында кейбір өсімдік шаруашылықтары астық, картоп және көкөніс жинауға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаппай науқан 1 қыркүйекте басталады.

Күзгі дала жұмыстарына дайындық туралы аппараттық кеңесте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров баяндады.

Оның айтуынша, жем дайындау аяқталуда. Қазірдің өзінде қажетті шөп қорының 90%-ға жуығы бар. Сонымен қатар, пішендеме дайындалды.

Биыл дәнді дақылдарды жинау алаңы 920 мың га, майлы дақылдар – 58,4 мың га, картоп – 11 507 га және көкөністер – 1 436 га құрайды, астықтың орташа өнімділігі 8,6 ц/га деңгейінде күтілуде, барлық қажетті техника дайын, – деп хабарлады Асқар Санаубаров.

Өсімдік өсірушілерге тыңайтқыштардың, тұқымдардың, пестицидтердің құнын, суармалы суды жеткізу шығындарын өтеуге 4,8 млрд теңге субсидия төленді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары Аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржылай көмек алды. Арзандатылған бағамен дизель отыны бөлінді.

Дәнді дақылдарды жаппай жинауды 1–25 қыркүйек аралығында өткізу жоспарлануда.

Картопты жинау 30 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына картоп пен көкөністерді уақытылы жинау және отырғызу жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы