Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

20 Сәуір 2022, 04:26
2049
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ондағы команда тек өртпен күреске ғана емес, ерікті жасақ ретінде кез келген қиын жағдайда көмекке келеді.

Өрт сөндіру бекеті қажетті жабдықтармен, арнайы киіммен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Мобильді кешенмен, өрт жеңдерімен, гидрантпен және басқа да құрал-саймандармен жасақталған тіркемесі бар "Нива" автомашинасы бар.

Ең жақын өрт сөндіру бөлімі 115 км қашықтықта орналасқан. Жаңа бекеттің ашылуымен Нарманбет тұрғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердің де қауіпсіздігі артады.

Қарағанды облысында барлығы 46 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы