Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің ата-анасы шетелге көшіп кеткені рас па?

27 Қазан 2022, 12:33
3253
Бөлісу:
Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің ата-анасы шетелге көшіп кеткені рас па?

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жастағы бүлдіршін Айкөркем Мелдехан оққа ұшып, мерт болғаны белгілі. Кейіннен Алматыда «Қай аға мені атқан?» деген мурал салынып, біраз уақыттан соң ол алынып тасталған болатын. Ал ата-анасы құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрген соң шетелге көшуге мәжбүр болғандарын айтқан. Айкөркемнің ісіне қатысты Бас прокуратура былай деді. 

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен білетіндей, қазір сараптамалар тағайындалып, сот тергеу амалдарының қорытындыларын күтіп отыр, - деп атап өтті Әсет Шындалиев Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында. 

Бүгін Сенатта Қаңтар оқиғасына қатысты «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданған болатын. Заң жобасы мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген. Рақымшылық өз қатесін мойындаған және қылмысы үшін кешірім сұраған адамдарға ғана жасалады, себебі қылмыс ақталмайды, қылмысқа аңдамай, қателікпен жол бергендерге рақымшылық жасалады. 

Өзгелердің жаңалығы