Қаңтар оқиғасының деректерін қаттап-шоттап, тұжырымдама жасау керек – Дәулеткерей Рахметуллин

5 Қаңтар 2023, 11:53
811
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасының деректерін қаттап-шоттап, тұжырымдама жасау керек – Дәулеткерей Рахметуллин

Қаңтар оқиғасы туралы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық бірлестіктің төраға орынбасары Дәулеткерей Рахметуллин өз ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір пікір көп, әр адам әртүрлі ойлайды, тұжырымдайды. Сосын қоғамдық пікір қалыптасып жатыр, қатесі көп болуы мүмкін, негізі бұл дұрыс емес. Бұл саяси процесс, - деп атап өтті қоғамдық бірлестік басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдеріне Қаңтар оқиғасына қатысты деректі материалдарды жинаудың маңыздылығына тоқталды. 

Меніңше, журалистер барлық мемлекеттік органнан, мемлекеттік емес қоғамдық мекемелерден деректі материалды жинап, сараптап, нақты тұжырымдама жасалуы керек. Негізгі себебі (жалпылама емес), қалай, қандай даму процесі, негізгі ұйымдастырушылар, бүлікшілердің жүру, қирату картасы, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері құжатты түрде жиналып, тұжырымдама жасау керек. Уақыт өтіп барады! – деді Дәулеткерей Рахметуллин.

Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасының болғанына тура бір жыл болды. Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысы Қаңтар оқиғасына арналды. Сондай-ақ Мәжіліс қабырғасында Қаңтар оқиғасына арналған көрме ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы