Қаңтар оқиғасы. Рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

27 Қазан 2022, 10:22
1384
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

Бүгін өткен Сенат отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мейірімділік,  адамгершілік пен ізгілік қағидаттарына негізделген. Мемлекет басшысы биылғы қыркүйек айындағы Жолдауында: «Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр.  Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым» – деп атап өтті депутат Амангелді Толамисов.

Айтуынша, қабылданған құжатта отандастарымызды қылмыстық теріс қылықтары мен ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін жазадан босатуды көздейтін нормалар жазылған. Яғни мұндай қылмыстар үшін жазасын өтегендерден соттылығы алынады деген сөз. Нақтылай кетсек, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін – сот тағайындаған мерзім төрттен үшке, ал аса ауыр қылмыстар үшін жартысына қысқарады. Одан бөлек, заң бойынша рақымшылыққа іліккен адамдар қайта әлеуметтендіріп, жұмысқа орналастыру, медициналық көмек алу мен құжаттарды рәсімдеу сынды шаралармен қамтамасыз етіледі. 

Алайда заң азаптаулар жасағандарға, террористер, экстремистер,  рецидивистер және тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға қолданылмайды. 

Өзгелердің жаңалығы