«Қаңтар оқиғасы». Құқық қорғау саласының 107 қызметкері ауыр жарақатпен емделіп жатыр

21 Ақпан 2022, 14:46
1339
Бөлісу:
«Қаңтар оқиғасы». Құқық қорғау саласының 107 қызметкері ауыр жарақатпен емделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі күні 120 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын ұрланған мүліктер полицейлермен табылып алынды. Негізінен ол автокөліктер, тұрмыс техникасы, ұялы телефондар және зергерлік бұйымдар. Бұрын хабарланғандай, шабуылдаушылар тарапынан қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және әкімшіліктер мен полиция ғимараттарына шабуылдарды тойтару барысында 3 мыңнан астам құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскерилер әртүрлі дене жарақаттарын алды, - деді Әділов. 

Ол атағандай, олардың 107-сі ауыр жарақаттармен, оның ішінде бас сүйегі негізінің сынықтарымен, сұғылған пышақ жарақаттарымен, ауыр күйіктермен және өзге ауыр зардаптармен емделіп жатыр. 

Мысалы, Атырауда ағымдағы жылы 5-ші қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде облстық әкімшілік ғимаратына шабуыл барысында қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған қарусыз полиция қызметкерін қатыгездікпен ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды.Видеодан көрінгендей ашулы тобыр полиция қызметкерін қоршап алып соққыға жыққан, нәтижесінде ол құлаған кезде ұсталған адам оның басына соққылар жұмсаған.  Күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, - деді Санжар Әділов. 

Өзгелердің жаңалығы