Қаңтар оқиғасы. Адвокат қаза тапқан барлық азаматтың отбасына материалдық көмек ұйымдастыруды ұсынды

5 Қаңтар 2023, 14:27
1106
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Адвокат қаза тапқан барлық азаматтың отбасына материалдық көмек ұйымдастыруды ұсынды

Танымал адвокат, «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан қаңтар оқиғасында қаза тапқан барлық азаматтың отбасына материалдық көмек ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасы билік пен қоғам арасында диалог орнату қажеттігін көрсетті. Осыған орай Абзал Құспан «Аманат» қоғамдық комиссиясының атынан ұсыныс айтты.

- Қаңтар оқиғасы салдарынан қаза тапқан барлық азаматтың отбасына материалдық көмек ұйымдастыру. Материалдық көмек қаза тапқан азаматтарға емес, олардың артында қалған отбасына тиесілі. Жетім қалған балалар, жесір әйелдің ешқандай жазығы жоқ.

- Тергеу және сот процестерінің мейлінше ашық өтуін қамтамасыз ету;

- Жергілікті жерлерде өңірдің белсенді азаматтарымен қоғамдық институттар арқылы байланыс орнату;

- «Ескі Қазақстан» кезінде негізсіз айыпталған азаматтардың істерін қайта қарап, сот әділдігін қамтамасыз ету. 

Сол арқылы біз «қасіретті қаңтар» сияқты оқиғалардың алдын алып, әділетті Қазақстан орнатуға бір қадам жақындай түсеміз, - деп Абзал Құспан Мәжілістегі сөзін қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы