Қаншама жол шайылып кетті. Бектенов министрлікке тапсырма берді

9 Шілде 2024, 11:17
1088
Бөлісу:
Қаншама жол шайылып кетті. Бектенов министрлікке тапсырма берді
Фото: BAQ.KZ -архив

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне жол құрылысы жобаларына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны кезеңі қолданыстағы жолдарда міндетті түрде су өткізу құрылыстарының болу қажеттігін көрсетті. Қаншама жол шайылып кетті. Жиналған суды өткізіп жіберетін құбырлар салынғанда, жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болатын еді. Осыған байланысты Көлік министрлігі қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қарауға тиіс, - деп атап өтті Бектенов.

Сондай-ақ Бектеновтің сөзінше, жергілікті гидрогеологиялық жағдайды, жаңа технологияларды енгізуді және жобалық шешімдерді цифландыруды ескере отырып, жаңа жол-құрылыстарын жобалау кезінде нормативтерді жаңарту қажет.

Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заңда жобаларды «басынан аяғына дейін» енгізу тәсілі көзделген (ЕРСМ). Енді оны іске асырудың нақты тетіктері қажет. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қаржы министрлігімен бірге Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жобасының тәжірибесін ескере отырып, шұғыл түрде бюджеттік жобаларды іске асыру тетігін әзірлеп, бекітуді тапсырамын, - деді Премьер-министр.

Бүгінгі таңда жаңа автожол жобаларын бастау үшін 550 учаскені алу қажет. Олардың ішінде «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» бар.

Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне 2030 жылға дейін жоспарланған барлық жаңа автожол құрылысы жобасы бойындағы жер учаскелерін алуды және резервке қоюды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы