Қанша мұғалім «Болашақпен» шетелде оқып жатқаны белгілі болды

2 Қараша 2023, 15:17
441
Бөлісу:
Қанша мұғалім «Болашақпен» шетелде оқып жатқаны белгілі болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте Президенттің тапсырмалары қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сапалы білімнің негізі – ұстаздардың әлеуетін үздіксіз арттыру. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі түбегейлі қайта құрылып жатыр. Биыл 142 мың мұғалім біліктілігін арттыру курстарына қабылданады. Бұл ретте ауыл мұғалімдеріне басты назар аударылып жатыр. Олардың үлесі 70 пайыз, - деді министр.

Бейсембаев «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іріктеудің бірінші кезеңі аяқталғанын да еске сала кетті.

Қазіргі таңда 210 қазақстандық ұстаз халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында педагогика және білім беру бағыттары бойынша шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр. Мұғалімдерді ынталандыру мақсатында қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3-6 айлық шетелдік тағылымдамадан өтуге жіберіледі, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрі.

Өзгелердің жаңалығы