Қанат Мусин туралы не білеміз?

30 Желтоқсан 2022, 10:32
1339
Бөлісу:
Қанат Мусин туралы не білеміз?
Фото: primeminister.kz

Биыл 11 қаңтарда Президент Тоқаев Үкіметтің жаңа мүшелерін бекітті. Әділет министрі болып Қанат Мусин тағайындалған болатын. Бүгін экс-министр Мусин Конституциялық Сот судьясы қызметіне тағайындалды. Заң және құқық саласында жүрген Қанат Мусин жайлы не білеміз? Қандай қызметтерде болғанымен танысып көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Туған жылы: 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Отбасылы, үш баласы бар.

Білімі: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.  Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.  

Еңбек жолы: 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.  

1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты. 

 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.  

1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.  

2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.  

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.  

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.  

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.  

2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.  

2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.  

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Әділет министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Бүгін ғана қызметінен ауысқан бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин депутаттарға білдірген сенімі үшін алғыс айтты.

Сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтқам келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан құрылған Конституциялық Сот лауазымына бар жиған-терген білімімді, тәжірибемді, күш-жігерімді саламын. Ол мен үшін үлкен абырой. Сіздерге рахмет, - деп депутаттарға Мәжіліс мінберінен алғысын жеткізді.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды. 

Мәжіліс Конституциялық Соттың судьясы қызметіне Қанат Мусинді тағайындау туралы қаулыны қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы