Қанат Мусин бұрынғы қызметінен босатылды

13 Қаңтар 2022, 10:22
1786
Бөлісу:
Қанат Мусин бұрынғы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьясы Қанат Мусин қызметінен босатылды.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков атап өткендей, Сенат Бюросының қаулысына және Сенат Регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуға кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылсын, - деді сенатор.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. 

Өзгелердің жаңалығы