Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

11 Қаңтар 2022, 17:31
2432
Бөлісу:
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Тағайындалсын:

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы - Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы - Премьер-Министрінің орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы - Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі; 

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы - Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы; 

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; 

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; 

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі; 

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; 

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; 

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; 

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; 

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; 

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; 

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; 

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; 

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; 

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі; 

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
               Президенті                                                             Қ.Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы