«45 минуттың 20 минуты есепке кетеді»: Сарапшы мұғалімнің уақытын не ұрлап жатқанын айтты

23 Қыркүйек 2026, 16:52
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова 23 Қыркүйек 2026, 16:52
23 Қыркүйек 2026, 16:52
148
Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Мұғалімнің ең маңызды ресурсы – уақыт, энергия және фокус. Алайда әкімшілік есептер мен түрлі тапсырмалар педагогтің негізгі жұмысына кедергі келтіріп, тіпті 45 минуттық сабақтың 15-20 минутын алып қоюы мүмкін. Бұл туралы білім саласының сарапшысы Құралай Байтажикова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, мұғалім жұмысының ең қиын кезеңдері – қыркүйек пен мамыр айлары.

Мұғалімнің жұмысында бірнеше қиын ай бар. Олар – қыркүйек және мамыр. Қыркүйек айында бәрін басынан ұйымдастыру қиын. Ал мамыр айында «жіңішкенің үзілетін» кезі. Тіпті үш ай демалыста партада отыруды ұмытып қалған балалар да бар, – деді Құралай Байтажикова.

Мектеп басшысының басты міндеті қандай?

Сарапшы мектеп басшысының рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, мектеп директоры ең алдымен мұғалімдердің баламен алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

Мектеп басшысы – ұстаздардың қызметшісі. Яғни ұстаздардың алаңсыз назарында бала болатындай жұмыс істеуі үшін мектеп басшысы қандай болуы керек деген сұрақ қою керек, – деді ол Bilim Group компаниясының Mugalim әлеуметтік жобасының таныстырылымында.

Құралай Байтажикованың пікірінше, мектеп басшысы үшін ең маңызды мәселе – әр сыныптағы оқушының нені және қалай үйреніп жатқанын, сондай-ақ оның білім алғанын қандай дәлел арқылы анықтауға болатынын түсіну.

Осы мақсатта мектеп басшысы мұғалімнің негізгі жұмысына кедергі келтіретін артық міндеттерді азайтуға назар аударуы қажет.

Қандай есептерді жылдам бере салуға болады, қандай есепті мүлде бермеуге болады? Қандай жұмыстарды жасанды интеллект атқара алады? Осындай сұрақтарды қойса, мұғалім назарын басқа жаққа аудармас еді, – деді сарапшы.

Оның айтуынша, мұғалімнің негізгі ресурсы – уақыт, энергия және фокус.

Қазір мұғалімнің фокусын басқа жаққа алып кетсек, сыныптағы оқушылар қалып қояды, – деді Құралай Байтажикова.

«Сабақтың 15-20 минуты текке кетуі мүмкін»

Сарапшы мұғалімге есептер мен түрлі тізімдерді қысқа мерзімде дайындау тапсырылған жағдайда сабақ сапасына кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Қазір ұстаздарға "есепті тез бере қойыңыз" десе, сабақ қалады. Тез-тез тізім жасап, есепті беруге ұмтылатынымыз жасырын емес. Сол кезде 45 минуттық сабақтың 15-20 минуты текке кетіп қалады, – деді ол.

Осыған байланысты білім саласының сарапшысы сабақтың әрбір минутын оқушыға барынша пайдалы өткізу қажеттігін атап өтті.

45 минуттың әрбір минуты балаға қаншалықты пайдалы өтетінін ойлануымыз қажет, – деді Құралай Байтажикова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх