Астанада мешітке кіріп, үш фотоаппарат ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада полицейлер Canon 6D маркалы үш фотоаппаратты ұрлады деген күдікке ілінген 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам мешітке еш кедергісіз кіріп, кейін қосалқы бөлмеге өткен. Бөлмелердің бірінен фототехниканы байқап, оны ұрлап кеткен.
Кейін ер адам ұрланған фотоаппараттарды сатып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол елорданың аудандарының бірінде ұсталды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына берген жауабында.
Полиция ескертеді
ғимаратқа еркін кіруге мүмкіндік болуы өзгенің мүлкін еркін иемденуге болады дегенді білдірмейді. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ірі көлемде ақша ұрлаған үш күдікті ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Павлодарда алма ағашының түбінен 25 миллион теңге салынған ыдыс табылды
3 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды
Астанада саяхатшы қыздың «ұрланған» велосипеді құрбысының үйінен табылды