Жеті жылқыны сойып, етін сатып жіберген: Жамбылда малды үйірімен айдап әкеткен күдікті ұсталды

17 Қараша 2026, 11:24
АВТОР
 видеодан скриншот 17 Қараша 2026, 11:24
17 Қараша 2026, 11:24
93
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны айдап әкеткен 44 жастағы тұрғын ұсталды. Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені белгілі болды.

Оқиға Т.Рысқұлов ауданының құмды алқабындағы жайылымда болған. Ер адам жайылымда қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды иемденуді ұйғарған. Ол жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен. Нәтижесінде мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция азаматтарды мал-мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға, төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында ірі мал ұрлығының беті ашылды: 8 адам бас бостандығынан айырылды. 

Тағы оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында жүк пойызы бір отар қойды қағып кетті

Қазақстандық мал өсірушілер Қырғызстаннан 1 миллион доллар тұратын қошқар сатып алды

Түнгі трассадағы қауіп-қатер: Абай облысында малға жарық шағылыстырғыш элементтер тағылуда

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Наверх